Бекман Сойлыбаев 10-ыншы жеңісіне қол жеткізді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев 10-шы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жерлесіміз бүгін Калифорнияның Тустин қаласында мексикалық Герман Меразбен жұдырықтасқан болатын.

Аса тартысты өткен жекпе-жекте  Сойлыбаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 60-54, 60-54, 59-53.

Осы жеңістен кейін ұйымдастырушылар қазақстандық боксшыға естелік ретінде чемпиондық белбеуді сыйға тартты.

Бұл Сойлыбаевтың кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісі. Ол осыған дейін тоғыз жекпе-жек өткізіп, барлығын өз пайдасына аяқтаған болатын. Төрт қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Соңғы жаңалықтар