Бекман Сойлыбаев BoxRec рейтингінде бірден 33 орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Лас-Вегаста спорттық мансабындағы кезекті 12-інші айқасын өткізген қазақстандық Бекман Сойлыбаев мексикалық Фернандо Варгасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Осылайша, WBC чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл жеңіс Сойлыбаевтың BoxRec.com беделді сайтының рейтингісіндегі жағдайын жақсартты. Ол екінші жартылай жеңіл салмақта 33 орынға көтеріліп, 50-інші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев рингте өткізген барлық 12 жекпе-жегін жеңіспен аяқтап келеді. Оның төртеуінде қарсыласын нокаутқа жіберген.

 

Соңғы жаңалықтар