Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ кәсіпқой боксшысы Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы белгілі болды

Отандасымыз келесі жекпе-жегін венесуэлалық Самуэль Гонсалеске қарсы өткізетін болды. Бұл туралы "Diamondring" кәсіпқой спорттық ұйымының ресми сайты хабарлады.

Самуэль Гонсалес кәсіпқой бокста 17 жекпе-жек өткізіп, соның 13-інде жеңіске жеткен.  Тоғызын нокаутпен аяқтаған. Соңғы айқасын өткен жылдың желтоқсанында жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген мексикалық Хулио Барразаға қарсы өткізіп, сегізінші раундта айқын басымдықпен ұтқан. Ал, WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекман Сойлыбаев айқасын 29 сәуір күні Мексиканың Росарито қаласында  Рамон Альварес пен Омар Чавес арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткізетіні туралы хабарлаған болатынбыз .