Бекман Сойлыбаевтың келесі айқасының датасы аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (12-1, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бекман Сойлыбаевтың келесі айқасының датасы аталды

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 15 қаңтар күні Ақтау қаласында Adal Promotions жергілікті промоутерлік компанияның бокс кеші аясында өтеді. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы айқасын осы жылдың тамызында Дубайда (БАӘ) өткізді. Онда төрешілердің басым бөлігінің шешімімен мексикалық Рамиро Сесенеден (14-0-1, 11 КО) жеңіліп қалды. Бекман үшін бұл төрт жылғы үзілістен кейінгі бірінші айқас болды. Бұған дейін ол 2017 жылдың 19 қазанында өнер көрсеткен.