Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз 29 сәуір күні шаршы алаңға шықпақ. Бокс кеші Мексиканың солтүстігінде орналасқан Чиуауа штатының Росарито қаласында өтеді. Әзірге Сойлыбаевтың қарсыласы кім екені белгісіз.
Бұл күні басты жекпе-жек танымал боксшылар Рамон Альварес пен Омар Чавестің арасында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.