Бэкон картинасы бәссауда үйіне 42,2 миллион фунт стерлинг пайда әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Френсис Бэконның "Сөйлеп тұрған Джордж Дайердің портреті" аталатын картинасы Лондонда Christie's 42,2 млн фунт стерлингке өтті - бұл оны Еуропадағы бәссауда үйінде сатылған ең қымбат шығармашылық туындыға айналдырды.

Бэкон картинасы бәссауда үйіне 42,2 миллион фунт стерлинг пайда әкелді

Жұмыс эстимейті 28 миллион фунт стерлингті құрады, оны телефон арқылы есімін жасырған белгісіз біреу сатып алған», - деп хабарлады бәссауда үйінен.

Бюконның сүйікті портреті соңғы рет 2000 жылы Christie's нью-йорктік сатылымға қойылып, 6,6 миллион долларға саудаланған еді. Сонымен бірге Микки Маус Дэмиан Херст бейнесі 902,5 мың фунт стерлингке сатылған болатын. Сатылымнан түскен қаражат балаларға жәрдемдесетін Kids Company қайырымдылық қорына беріледі, деп хабарлады РИА «Новости».