Бекшин: Алматыда Жаңа жыл қарсаңында күніне 600 адам вирус жұқтыруы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа жылдық мерекелер кезіндегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекшин: Алматыда Жаңа жыл қарсаңында күніне 600 адам вирус жұқтыруы мүмкін

«Науқастар қатары көп болады деген болжам жоқ. Ревакцинация мерзімінің жақындап келе жатқанын көріп отырмыз.Егер екпе алу белсенділігі төмен болса, вирусты жұқтырғандар саны артуы ғажап емес. Ол тәулігіне 600 жағдайға дейін жетуі мүмкін. Мұның бәрі вакцинация мен біздің шектеу шараларын қалай сақтайтынымызға байланысты»,– деді ол.

Оның айтуынша, желтоқсан айының соңына қарай күніне 600 жағдай - оптимистік сценарий.

«Пессимистік сценарий коронавирустың жаңа штамы пайда болған жағдайда ғана орындалуы мүмкін, өйткені аурудың кейінгі толқындары жаңа штамдардың пайда болуынан туындаған»,-дейді ол.