Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутпен жеңіп, алтын медаль алды

Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутпен жеңіп, алтын медаль алды
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бексұлтан Қайратұлы 2023 жылы Астанада өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалында үндістандық Хемант Сангванмен жұдырықтасты. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр салмақта (80 келіден жоғары) алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте Қайратұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Екінші раундтың соңында қазақстандық қарсыласын оң жақ тікелей соққысымен канвасқа жіберді. Нокдаун санағаннан кейін Сангван жекпе-жекті жалғастырды. Бірақ бірнеше секундтан кейін ол екінші нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша Бексұлтан Қайратұлы алтын медаль жеңіп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

 

 

Соңғы жаңалықтар