Бектас Бекназаров ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бектас Бекназаров ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі ресми сайтының твитттерінде хабарланды.
None
None

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бектас Бекназаров ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. 1983 ж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. 1978-81 жж.- Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халықтық сотында сот орындаушысы. 1981-84 жж. - Жамбыл облысы әділет бөлімінің консультанты, аға консультант. 1984-90 жж. - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халықтық сотының судьясы. 1990-94 жж. - Жамбыл облыстық сотының мүшесі. 1994-95 жж. - Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995-97 жж.- Жамбыл облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 1997-02 жж. - Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2000-02 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 2002-06 жж. - Атырау облыстық сотының төрағасы. 2006-09 жж. - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы. 2009-11 жж. - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы. 2011 жылғы сәуірден ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметін атқарған

Мерекелік медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар