Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АCТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. 

Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Үкіметі

Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. 

Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Үкіметі

Былтыр екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті. Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады. 

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады.

Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.

Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Үкіметі
Бектенов Михаил Мишустинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Үкіметі

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

Соңғы жаңалықтар