Бектенов ШИК отырысына қатысушылармен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Үкімет деңгейіндегі отырысқа  қатысушылармен бірқатар кездесу өтті. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық, мұнай-газ саласы мен энергетика секторындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Бектенов ШИК отырысына қатысушылармен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуінде ЕҚДБ-ның ірі инфрақұрылымдық жобаларға, оның ішінде 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар шеңберінде қатысу перспективалары қаралды.

Жалпы, Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен құны $11 млрд-тан асатын 300-ден астам жоба сәтті іске асырылды, ең ірі жобалардың бірі – ҮАААЖ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және МЖӘ жобаларын іске асыру саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Осы бағытта ЕҚДБ Көкшетау қаласында 630 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысын қаржыландырады. 

Үкімет бүгінде халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, толық жүзеге асыратын ауқымды МЖӘ жобаларының пулын дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан басқа, экономиканы көміртегінен арылту және көлік-логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру, оның ішінде Орта дәлізді дамытуға бағытталған және басқа да мәселелер қаралды. 

Соңғы жаңалықтар