Бекзада Гарри нәсілшілдігі үшін кешірім сұрады

ЛОНДОН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Ұлыбритания патшайымының немересі бекзада Гарри 2006 жылы түсірілген бір бейнетаспада нәсілшілдікке байланысты айтқан сөзі үшін ресми кешірім сұрады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. Лондондық News of the World газеті өз веб-сайтына орналастырған бұл бейнетаспада, бекзада Сандхерст әскери академиясында оқып жүрген кадет кезінде шыққан тегі оңтүстіказиялық қызметтесін «паки» деген сөзбен атайды. Бұл сөз пәкістандықтықтарға деген менсінбеушілік, немқұрайдылық көзқарасты білдіреді екен. Бірақ та, бекзаданың кеңсесі, бұл астары жоқ жай лақап ат екенін, бекзада бұл сөзбен ешкімді ренжіткісі келмегенін айтып отыр.
Соңғы жаңалықтар