13:00, 30 Сәуір 2011 | GMT +5
Бекзада Уильямның үйлену тойы таң атқанша жалғасты
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Букингэм сарайының бекзадасы Уильямның кешегі үйлену тойы таң атқанша жалғасты.

Британдық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тойға бекзада мен оның зайыбы Кейт Миддлтонның 300-ге жуық туған-туысы мен достары шақырылды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Уильямның әжесі, Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ тойға қатысқан жоқ, себебі ол демалысқа қала сыртындағы резиденциясына кеткен.