Бекзат Жолжақсынов Астана мәслихатына депутат болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихаттың жаңа депутатын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45-баптарына, 46-бабының 3-тармағына, 111-1 бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 23 шешімімен Жолжақсынов Бекзат Досханұлы Астана қаласы мәслихатының VIII сайланған депутаты болып, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша тіркелді», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Астана қаласының мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайтыны хабарланған болатын.Ал, биыл 19 наурызда республика бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өткен еді.