Бельгия билігі: Іздеуде жүрген жиһадшылар саны өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда екінші күн бойы лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Ішкі істер министрі Ян Жамбонның айтуынша, іздестіріліп жатқандар тізімінде жаңа шабуылдарды әзірлеуге күдіктілер бар деп санайды, бельгиялық арнайы қызметтер. Бұдан бұрын 13 қарашада француз астанасына шабуыл жасауға күдікті Салах Абдесламды іздестіру жүргізілуде. Бельгиялық биліктің айтуынша, іздеудегілердің барлығы да қаруланған және өте қауіпті.
None
None

Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель үкіметте "жарылғыш құралдармен және отты қарумен қаруланған қанша адам, бірден бірнеше жерде шабуыл жасайтыны туралы шынайы ақпарат бар", деп атап өтті.

VRT телеарнасын берген сұхбатында ол қауіп бір ғана Абдесламмен шектелмейтінін айтты. Әзірге онымен басқалардың байланысы бар ма, әлде олар дербес әрекет етіп жүр ме, ол жағы белгісіз.

Соңғы жаңалықтар