Бельгия қаласының бір бөлігін улы бұлт торлап алды

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Бельгиялық Шастр (Chastre) қаласындағы химия зауытынан аққан улы заттың салдарынан пайда болған хлорланған газ бұлты қаланың бір бөлігін торлап алды және бірнеше ондаған шаршы метр жердің өсімдіктерін жойып жіберді,

 Бельгия қаласының бір бөлігін улы бұлт торлап алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Улы заттың ағуы дүйсенбіде суды тазартуға арналған құралдарды шығаратын «Chimtex» зауытында орын алған. Көздері мен тамақтары ауырып мазаланған бірнеше тұрғын дәрігерге қаралды. Алайда қала билігінің мәлімдеуінше, адамдардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Өкімет орындары тексеру жүргізуде, оның барысында қоршаған орта мен адамдарға қандай зардап келгені анықталмақ.  Тексеру қорытындысымен зауыттың жабылуы да мүмкін.