Бельгия ҚК Бас штабының бастығы елдің Қорғаныс министрімен келіспеушілікке байланысты қызметінен кетті
БРЮССЕЛЬ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бельгия Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Шарль-Анри Делькур Бельгияның Премьер-министрі Элио ди Рупоға қызметінен босату туралы өтініш берді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Бельгиялық журналистердің пікірінше, Ш.-А. Делькурдың шешімі елдің Қорғаныс министрі Питер де Креммен ЕО - Еурокорпустың бельгиялық әскери барлау және жедел қимыл күштері қолбасшылығына таласуға байланысты көрінеді.
Қазіргі кезде Э.ди Рупоның Бас штаб басшысының отставкасын қабылдау-қабылдамауы белгісіз. Бұған дейін ол қызметтен кету өтінішін берген болатын, бірақ ол қабылданған жоқ. Бұл ретте Бельгияның Қорғаныс министрі Ш.-А.Делькурдың орнына адам ұсынған, бірақ оны саяси партиялардың үкіметтік коалициясына кіретіндердің көпшілігі қабылдамады.