Бельгия Королі премьер-министрдің отставкасын қабылдады
«Король үкіметтің отставкасын қабылдап, оның міндетін өзіне атқаруды жүктеді. Ол алдағы сайлауға дейін елді сәтті басқаруға саяси кепілдік беретін мәлім етті», - делінген Король сарайының жұмадағы мәлімдемесінде.
Осылайша, 2019 жылдың мамырына белгіленген парламент сайлауы кестеге сәйкес өтетін болды.
Бельгия Королі екі күн бойы елдегі басты саяси партиялармен консультация өткізіп, Ш. Мишельдің отставкасын қабылдады.
Еске сала кетейік, үкімет басшысы сейсенбі күні кешкісін корольге отставкаға кету туралы өтініш тапсырған болатын. Бұл қадам бірнеше саяси партия парламентке министрлер кабинетіне қатысты сенімсіздік білдіру жөніндегі ұсыныс енгізген соң жасалды.
Мұның алдында Ш. Мишельдің либералды «Реформаторлық қозғалыстың» одақтасы ұлттық «Жаңа фламанд альянсы», премьер-министрдің БҰҰ миграциялық пактісіне қол қоюына қарсылық ретінде билеуші коалициядан шыққан болатын.
Автор: Тимур Дүйсекеев
Фото: www.zimbio.com