Бельгия короліне полиция қателесіп бірнеше жүздеген айыппұл жазып берген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгиялықтардың королі Филипп соңғы жарты жылда жылдамдықты арттыру мен автокөлікті тұраққа дұрыс қоймағаны үшін бірнеше жүздеген айыппұл хабарламасын алған.
None
None

Олардың бәрі жол полициясының ұйымдасқан еуропалық мәліметтер базасының қателігінен келген. РТФБ телеарнасының мәліметтері бойынша, мәселе - корольдің лимузинінің нөмірінде. Король Филиптің жетінші сериялы көлігінің нөмірі бір ғана саннан тұрады - «1». Айыппұлдармен байланысты мәселелер көшедегі бақылау камераларындағы мәліметтерді өңдеу автокөлік нөмірлерін жаңа еуропалық жүйеге ауыстырғаннан кейін басталған. Ол бойынша барлық белгиялық нөмірлер «1» кодынан басталады.

Соңғы жаңалықтар