Бельгия полициясы топ адамды көлікпен таптап өтпек болған жүргізушіні тұтқындады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгия полициясы Антверпен қаласында топ адамға көлігін бағыттамақ болған ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Таңертең 11 кезінде жеңіл көлік жоғары жылдамдықта Де-Меир сауда-саттық көшесіне кіріп кеткен. Адамдар жан-жаққа қашқан», - делінген жергілікті полиция хабарламасында.
Полиция жүргізушіні тоқтатып үлгерген. Оның есімі аталмайды, тек оның Солтүстік Африка елдерінің бірінің тумасы екені ғана айтылған.
Ведомство осы оқиғаға байланысты қалада сақтық шаралары күшейтілгенін мәлім етті.