Бельгия полициясы жарылыс жасаған лаңкестің хатын тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия полициясы Скарбек коммунасын тінту кезінде елде жарылыс жасаған лаңкес Брахим әл-Бакрауи қалдырған хатты тапты, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі Бельгия Бас прокуроры Фредерик ван Левтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
«Ол (әл-Бакрауи) хатында дереу қимылдау керектігін, бірақ не істеу қажет екенін білмейтінін жазған. Хатта оған іздеу жарияланғаны, өзіне қауіп төніп тұрғаны айтылады. Оның айтуынша, егер ол бір жерде отырса, оның түрмеге қамалуы мүмкін екен», деп жазады «РИА Новости» ван Левтің сөзін келтіре отырып.
Еске сала кетейік, Бельгияда жарылыс болып, 31 адам қаза тапты және 250 адам жараланды.