Бельгия Сенатының депутаты екі ел арасындағы байланысты дамыту бағытындағы ұсыныстарын жеткізді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Еуропалық Кеңестің парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) вице-президенті, Бельгия Сенатының депутаты, «Қазақстан-Бельгия» парламенттік достық тобының мүшесі Пол Виллені қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжіліс төрағасы О.Мұхамеджанов ЕКПА-да Қазақстанның бақылаушы ретінде қатысуы жөніндегі мәселе қаралып жатқанын, оның оң шешімі шығарылатынына сенімі бар екенін айтты.Пол Вилле мырза екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысты дамыту қажеттігін айта келіп, «екі елге де қоршаған ортаны қорғау саласында байланыстар орнату тиімді болар еді. Кезінде әр түрлі сынақтар өткендіктен, Қазақстанда экологиялық жағдайы нашар өңірлер бар екенін естідік. Ал Бельгияда ластанған қоршаған ортаны тазартатын озық технологиялар бар. Осы саланың мамандары бұл пікіріме назар салады деп есептеймін»,- деді Пол Вилле мырза. Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті.
Соңғы жаңалықтар
telegram