Бельгия тұрғыны 25 млн еуро джекпот ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия тұрғыны Euromillions жалпыеуропалық лотореясынан 25 млн. еуро ұтып алды.

Бельгия тұрғыны 25 млн еуро джекпот ұтып алды

Осы жылдың шілдесінде тағы бір бельгиялық джекпоттан 68 млн еуро ұтып алған болатын. БАҚ мәліметтері бойынша, лотореялық ұтыстардың ішіндегі ең сүйіктісінің бір тиражына бельгиялықтар 3-тен 5 млн еуроға дейін ақша жұмсайды. Лоторея өткізілген жылдар ішінде басты сыйлықты корольдіктің 26 тұрғыны жеңіп алып, жалпы 789 млн еуро алды. Euromillions ережесі бойынша джекпот иегері өзінің атын жасырын қалдыру құқығына ие, деп жазады ТАСС.