Бельгияда АЭС-тегі реактор шұғыл тоқтатылды

БРЮССЕЛЬ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Бельгияда «Дуль» атом электр стансасында энегоблокты тоқтату жүйесі кенеттен іске қосылды.

Бельгияда АЭС-тегі реактор шұғыл тоқтатылды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қауіпсіздік жүйесі жоғары вольтті кішістанса жұмысындағы іркілістен кейін іске қосылған. «Реактор жақын арада іске қосылады, оның тоқтатылуы электрмен жабдықтаудағы үзіліске әкеп соқтырмайды», делінген АЭС-ті пайдаланушы компанияның хабарламасында.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат 2012 жылғы жазда «Дуль» АЭС-інің үшінші реакторы пайдаланудан уақытша шығарылғанын хабарлаған еді, онда сарапшылар корпустың төменгі бөлігінің аздап жарылғанын анықтаған болатын. Энергоблок биылғы жылғы маусымда қайта іске қосылды. Реакторды қайтадан пайдалануға қосу туралы шешім қауіпсіздік тестісін өткізу негізінде қабылданды.