Бельгияда әлемге әйгілі Бинш карнавалы өтуде
БИНШ. ҚазАқпарат - Осы күндері бельгияның Бинш қаласында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Бинш карнавалы өтіп жатыр.
Бұл дәстүрлі шара Бельгияда 1934 жылдан бері тойланып келеді. Жыл сайын мұнда аталмыш мейрамды тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер ағылады.
Әдетте көктем айына келетін мереке қарсаңында қала тұрғындары мен туристер ет пен сыраны молынан ішіп алуға тырысады. Өйткені, мерекеден кейін католик дінінде «ораза» басталады. Енді наурыздың 2-інен 4-іне дейін қала халқы түрлі костюмдер карнавалын, балауыз маскалар мен ағаш аяқкиім киген қуыршақтардың маршын тамашап, түрлі қызықты шараларға қатыспақ.