Бельгияда әуе компаниясының қызметкерлері ереуілге шықса, 19 мыңға жуық жолаушы зардап шегеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгиядағы «Ryanair» әуе компаниясының жолсеріктері 30-31 желтоқсанда, сондай-ақ 2023 жылдың 1, 7 және 8 қаңтарында ереуілге шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгияда әуе компаниясының қызметкерлері ереуілге шықса, 19 мыңға жуық жолаушы зардап шегеді

Бельгиялық Brussels times басылымының мәліметінше, ереуіл болса Жаңа жылдық демалыс күндері 128 рейс тоқтатылуы мүмкін. Одан шамамен 19 мыңға жуық жолаушы зардап шегеді.

Мұнда 7-8 қаңтарда тоқтауы мүмкін рейстер есепке алынбаған.


Фото: Belga