Бельгияда банан тиелген контейнерден 8 тонна кокаин табылды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Белгияда полиция қызметкерлері банан тиелген контейнерден 8 тонна кокаин тапты.
None
None

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жүк Антверпеннің портында жүргізілген тексеру кезінде анықталды. Жергілікті журналистер мәселе бұған дейін тәркіленген контрабандалық партиялардың ең ірісі туралы болып отырғандығын мәлімдеуде.

Оның нарықтық құны 500 миллион еуроға бағалануда. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, банан тиелген контейнер Эквадордан жеткізілген. Нәтижесінде бірнеше адам қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар