Бельгияда екі пойыз соқтығысып қалды
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Бельгияда Нидерландымен шекараға жақын жерде екі тауар пойызы соқтығысып қалды. Алғашқы мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, туннельге кіре бергенде көпірде тұрған пойыздардың біріне екінші пойыз келіп соқтығысқан. Автокөліктер тиелген үш вагон рельстен шығып кетіп, 20 метрге жуық биіктіктен құлаған.
Апат салдарынан жолдар бүлінген. Осыған байланысты Визэ және Монзен қалалары арасындағы пойыздар қозғалысы бейсенбіге дейін тоқтатылмақ. Оқиға аймақтағы, әсіресе, Германиядағы Антверпена және Рурск облысы порттары арасындағы тауар қатынасын бұзды.
Қазіргі уақытта апат себептері белгісіз қалып отыр. Оқиға орнында тергеушілер мен құтқарушылар жұмыс істеуде.