23:17, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Бельгияда химиялық заттар тиелген бірнеше вагон рельстен шығып кетті
БРЮССЕЛЬ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бельгияда Гент қаласының маңындағы Шеллебелле және Веттерен елді мекендері арасында химиялық заттар тиелген пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып, өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Нидерландыдан келе жатқан жүк пойызының он үш вагонының алтауы рельстен шығып кеткен, соның екеуі бір бүйіріне таянып аударылған.
Өрттен кейін бірнеше мәрте жарылыс болған. Оқыс оқиға салдарынан жергілікті билік жақын маңдағы 300-ге жуық адамды жедел түрде қауіпсіз аймаққа көшірген.