Бельгияда iPhone-6 кесірінен өзге гаджеттердің сатылымы төмендеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияда өткен жылдың күзінде шыққан iPhone-6 смартфонының жаппай сатылымы салдарынан өзге гаджеттердің сатылымы төмендеді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, немістің тұтынушылық зерттеу қоғамы жүргізген нарық сараптамасы осыған дәлел.

Бельгияда iPhone-6 кесірінен өзге гаджеттердің сатылымы төмендеді

Өткен жылы Бельгиядағы смартфондар нарығы 2013 жылмен салыстырғанда 29% өсіп, сатылған құрылғы саны 2,8 млн-ға жеткен. GfK бағалауынша, смартфондар саудасындағы жалпы табыс 835 млн. еуроны құрады. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 22 пайызға артық.

GfK смартфондарға деген сұраныстың артуын 2014 жылдың күзінде сатылымға iPhone-6 шығуымен байланыстырды.

Қарапайым телефондардың сатылуы 26% қысқарғаны аталып өтілді. Планшет саудасы да 6 пайызға дейін төмендеген. Ал олардың орташа бағасы 2013 жылмен салыстырғанда 28 еуроға құлдырады.