21:51, 20 Тамыз 2017 | GMT +6
Бельгияда көлік демалып жатқан азаматтарды қағып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның Ассенуа қаласында көлік жүргізушісі демалып жатқан азаматтарды әдейі қағып өтті, деп хабарлайды Gazeta.ru Lavenir-ге сілтеме жасап.
Осы оқиғаның салдарынан 4 адам зардап шегіп, олардың біреуі ауыр жараланды.
Оқиғаның жергілікті уақыт бойынша, сағат 15-30-дар шамасында болғандығы айтылады. Жүргізуші адамдарды қасақана соғып кеткен. Күдіктілер ұсталды, осы оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.