Бельгияда коронавирустың екі штамын бірден жұқтырған 90 жастағы әйел көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бельгияда 90 жастағы әйел адам COVID-19 вирусының Британдық және Оңтүстік Африкалық екі штамын жұқтырғаннан кейін қайтыс болды.

Бастапқыда науқастағы оттегінің деңгейі жақсы болды, дегенмен жағдайы тез арада нашарлай түсті.

Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алмаған.

Таиландта коронавирусқа қарсы Sinovac препаратының екі дозасымен вакциналанған медбике COVID-19 жұқтырып, қайтыс болды.

Енді бұдан былай екпе салдырған дәрігерлерді «дельта штамына» байланысты басқа вакцинаның үшінші дозасымен қосымша иммундау ұсынылды.

Вьетнамда бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді -1 953 жағдай.


Соңғы жаңалықтар