Бельгияда «Кристиан» дауылы соқты
БРЮССЕЛЬ. 28 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Бельгияда «Кристиан» дауылы соқты. Дауыл салдарынан көптеген ағаштар құлап, қоғамдық көліктің жұмысын қиындатты.
Бельгия Корольдік метеорологиялық институтының мәліметтері бойынша, жел екпіні бүгін таңертеңнен сағатына 97 шақырымға жеткен.
Ағаштардың және пойыздың бөгеуші тосқауылдарының құлауына байланысты Брюссель-Солтүстік және Брюссель-Люксембург вокзалдары арасында, сондай-ақ, Жамб және Люстин қалаларының арасында бір желі бойынша ғана қатынайды.
Брюссельде көп көлемде түскен жапырақтар салдарынан трамвай рельстен шығып кеткен. Тағы бір трамвай желісі бойынша байланыс желісіне ағаш құлаған.
Бельгия астанасында талдардың құлау қаупіне байланысты барлық бақтар жабылды.
Апат құрбандары мен жарақаттанғандар әзірге тіркелген жоқ.
Синоптиктер түстен кейін желдің жылдамдығы бірте-бірте төмендейді деп хабарлауда.