Бельгияда КВИ жұқтырып, ауруханаға түскендердің 98 пайызы вакцина салдырмаған

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияның Sciensano ұлттық денсаулық сақтау институты жүргізген зерттеу қорытындылары COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың тиімділігін дәлелдеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Осылайша, бельгиялық ғалымдардың талдауы ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері ауруханаға COVID-19 диагнозымен жатқызылған науқастардың 98 пайызы вакцина салдыртпағанын көрсетті.

«Sciensano» орталығы вакцинаны толық (екі компонентін) салдыртқан 6,2 млн бельгиялқ азаматтың тек 0,2% - шамамен 12 мың адам вирус жұқтырғанын атап өтті.

Инфекция жұқтырғандардың бұл тобының жартысы ғана ауру белгілерінің болғанын айтты. Бельгияда 2021 жылдың басынан бері ауруханаға жатқызылғандардың тек 2 пайызы ғана вакцинаны толық салдыртқан, бұл 400-ден астам адамды құрайды.

Жиналған мәліметтер вакцина салдыртқанына қарамастан әлі де ауырып жүргендер егде жастағылар (орташа жас 82) және көбіне әйелдер екенін (62 пайыз) көрсетті.

Вакцина салдыртқандардың басым бөлігінің қосымша аурулары (92 пайыз) болған, ал жартысы – қарттар үйінің тұрғындары.

Вакциналау кезінде ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 400 адамның үшеуі ғана медицина қызметкері.

Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар