Бельгияда мұздан жасалған мүсіндер фестивалі басталды

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Бельгияда мұз бен қардан жасалған мүсіндердің жыл сайынғы фестивалі басталды.

Бельгияда мұздан жасалған мүсіндер фестивалі басталды

Биылғы жылы оның тақырыбына Frozen мультфильмі алыныпты. Оны Андерсеннің «Қар патшайымы» ертегісінің желісі бойынша Walt Disneyстудиясы түсірген.

Жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен келген үздік мүсіншілер қалалық вокзалға жақын маңда нағыз қар патшайымының патшалығын жасайды. Мүсіншілер жұмыс істеп жатқан жердегі температура - 6 градус шамасында, деп хабарлады Travel.

Фестиваль 5 қаңтарға дейін жалғасады.