Бельгияда сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп күтілуде

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельдегі ҚР-ның Бельгиядағы Елшілігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де №191 сай лау учаскесі салтанатты жағдайда ашылды.

Бельгияда сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп күтілуде

Сайлау учаскесі ашылған соң онда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қарсаңында Еуропаға келген біздің отандасымыз Сәуле Әлтаева бірінші болып дауыс берді.

«Еуропаға сапарым алдын ала жоспарланған еді, бірақ сайлау өтетін күнді білгенде, азаматтық борышымды орындап, шетелде дауыс беруді шештім. Тәртіп бойынша, мекенжай бойынша шығару талонын алып, дауыс беруге біріншілердің бірі болып келдім», - деді Сәуле Алдабергенқызы.

№ 191 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, ҚР-ның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Берік Әбдушевтің атап өтуінше, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Бюллетеньдер саналған соң, дауыс беру қорытындылары жазылған қажетті құжаттар Астанадағы Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. ҚР-ның Бельгиядағы Елшілігінің мәліметтерінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуаттарын сайлауда сайлаушылардың көп саны күтіліп отыр. Брюссельдегі сайлау учаскесі Бельгия және Люксембургта тұрып жатқан немесе уақытша жүрген 214 қазақстандықты қабылдауға дайын.