Бельгияда теміржолшылар ереуілге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель мен Валлония аймағы қалаларының арасындағы темір жол қатынасы толығымен тоқтап қалды, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Бельгияның өзге бір аймағы Фландрияда пойыздардың тек үштен екісі ғана қатынап жүр. Елдегі кәсіподақтар өткізген жалпыұлттық ереуілден кейін теміржолшылар да аяқ астынан наразылық шарасына шықты.

Ереуіл өткен күні олар кәсіподақ мүшелерін аймақтардан Брюссельге жеткізіп жүрген еді. Ал кешеден бері ереуілшілерді қолдап, қатал үнемдеу саясаты зейнетке шығу жасын көтеру және жұмыс аптасының ұзаруына қарсы шыққан.

Пойыздар қатынамағандықтан, Бельгия жолдарында жалпы ұзындығы 360 шақырымға жететін көлік кептелісі пайда болды.

«Кәсібіміздің ерекшелігін ескере отырып, 36 сағаттық жұмыс аптасы мен 50 күндік еңбек демалысы және сыйақылар мен өтемақылардың кең тізбесі сақталуы тиіс. Әйтпесе өзге еуропалық тасымалдаушылармен бәсекелесе алмаймыз», - деді SNBC кәсіподағының бас хатшысы Мишель Абдисси.

Соңғы жаңалықтар