Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бельгияда теракті әзірледі деген күдікпен екі ағайынды ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияlf 29 шілдеде кешке қарай теракті жасады деген күдікпен тінту жүргізу кезінде екі адам ұсталды, деп хабарлайды бүгін жергілікті прокуратура.

Бельгияда теракті әзірледі деген күдікпен екі ағайынды ұсталды

33 жастағы Нуредин және оның бауыры Әмзе сотқа әкелініп олардың қамауда ұстау мәселесі қаралады, деп жазады newsru.com.

Тергеу материалдары бойынша ағайындылар Бельгия аумағында террорлық акті жасамақ болғанын білуге болады. Алайда тергеушілер 22 наурызда Брюссельдегі терактіге қатысы бар-жоқтығын ашып айтпады.

Полиция олардың Монсе мен Льежедегі үйлерін тінту кезінде қару-жарақ пен жарылғыш таппаған.