Бельгияда үш километрлік сыра құбыры тартылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгиялық Брюгге қаласының муниципалитеті жергілікті сыра қайнату мекемесінің иесіне жерасты үш километрлік сыра құбырын өткізуге келісімін берді. Бұл туралы Еuronews хабарлады.
Сыра дайындау зауытының қожайыны Ксавье Ваннестенің сөзіне қарағанда, сыраны құбыр арқылы айдау қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға жол ашады. Сонымен қатар сыраны жүк көліктері арқылы тасымалдау Брюгге қаласының көне көшелерінің бұзылуына әкеледі.
Сыра жерасты құбырлары арқылы сағатына 6 мың литр жылдамдықпен ағатын болады. Осылайша ол 10-15 минутта үш шақырым жерге жеткізілмек.