Бельгияда үш тәулік аза тұту күні деп жарияланды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияда ел астанасындағы терактілерден кейін үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Бұл туралы RTBF телерадиокомпаниясы бельгиялық ІІМ-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Сейсенбі күні таңертең Брюссельдің «Завентем» әуежайында екі жарылыс болды. Бұдан бір сағаттан кейін қала орталығындағы «Маэльбек» метро стансасындағы вагонда тағы бір жарылыс жасалды.
Соңғы мәліметтерге сенсек, лаңкестік әрекеттер салдарынан 34 адама қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алған.