Бельгиядағы «картоп революциясы»: 17 ақпан күні елде саяси өкіметсіздікке қарсы бұқаралық наразылық өткізу жоспарлануда
атап айтқанда Брюссель, Антверпен, Гента, Льеж және Лувэнеде бір уақытта өтетін «картоп революциясы» атты саяси өкіметсіздікке қарсы шараларға қатысуға шақырды..
Ағымдағы жылдың 23 қаңтары күні «Масқара» ұранымен өткен наразылық шарасынан айырмашылығы - акция елдің тұтастығын сақтауға және қазіргі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін сақтап қалуды қолдауға бағытталатын болады. Сонымен қатар наразылықты ұйымдастырушылар Тунисте өткен «жасмин революциясы», Мысырдағы «фараон революциясы», Ливандағы «самырсын революциясына» ұқсатып Бельгия символдарының бірі, XVI ғасырдың өзінде Фландрии өңірінде (Бельгияның солтүстік өңірі) алғаш рет тамақ ретінде ұсынылған картоп тамағының атымен өткізуді шешкен.
Қазіргі таңда Бельгия саяси дағдарыстың ұзақтығы бойынша Еуропадағы рекорд орнатқан ел болып отыр. Ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні саяси дағдарыстың басталғанына 249 күн толады, осылайша Бельгия бұрын Ирак орнатқан өкіметсіздік бойынша әлем рекордын жаңартады.