Бельгиядағы музыкалық фестиваль кезіндегі дауыл салдарынан 5 адам қаза тауып, 70-тен астамы жараланды

БРЮССЕЛЬ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Дауыл бейсенбі күні кешкісін Бельгияның солтүстік-шығысындағы фламандтық Хассельт қаласындағы Pukkelpop музыкалық фестивалінде стендтер мен қорғаныш үшін жасалған темір негіздемелерді қиратып кетті.

Бельгиядағы музыкалық фестиваль кезіндегі дауыл салдарынан 5 адам қаза тауып, 70-тен астамы жараланды

Оның салдарынан 5 адам қаза тауып, 73 адам жарақат алды, деп хабарлады бельгиялық БАҚ.

Осыған дейін қаза тапқан екі адам мен зардап шеккен қырық адам туралы хабарланған еді.