Бельгиядағы жарылыстардың фотосуреттері мен бейнежазбалары жарияланды (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брссель әуежайындағы екі жарылыстың фотосуреттері мен бейнежазбалары жарияланды.

 Бельгиядағы жарылыстардың фотосуреттері мен бейнежазбалары жарияланды (ФОТО, ВИДЕО)

Олардың бірқатарын оқиға куәгерлері түсірген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы жарақаттанды. Бұл туралы бельгиялық RTBF телерадиокомпаниясынан хабарланды.

Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8.00 -де ұшу залында жарылыс орын алды. Жарылыс салдарынан шатырдың бір бөлігі құлап, терминал ғимаратында шынылар сынды. Рейстер ұшырылмайтын болды. Әуежайға апаратын темір жолдар жабылды.

Бұл лаңкестік болуы мүмкін. Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Әуе рейстері Льеж және Шарлеруа әуежайларына жіберілді.


null
null
null