Бельгиядан Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 3-ші Украин майданы құрамында шайқасқан және Балқанды азат етуге қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері полковник Владимир Семич қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады,
«Бүкіл қазақстандық халықты осы мерекемен құттықтағым келеді. Бұл менің өмірімдегі үлкен мереке. Біздің кеңес армиясы гитлерлік басқыншыларға қарсы күрес жүргізді. Олар бүкіл еуразияны құлдыққа салмақ болды, бірақ та бұл мүмкін болмай шықты. Біз оларға тойтарыс бердік. Қиындықтар да болды, бірақ біз қарсы тұра білдік. Мен Еуропаны фашизмнен азат етуге қатысқаныма бақыттымын және мақтан етемін», - деді В.Семич.
Ардагердің айтуынша, Балқанды азат етуге қатысқандықтардың ішінде КСРО-ның барлық халықтарының өкілдері, соның ішінде қазақстандықтар да болды. «Біз Белградты азат еттік. Біз болашаққа сендік және сол үшін бірге соғыстық. Енді қазір жастарға жол ашық. Сіздің елге бүкіл игіліктерді және өркендеуді тілеймін. Жаңа өмірді құрыңдар!», - деген лебізін білдірді ардагер В.Семич.
Оның айтуынша, Жеңісті Берлиннің маңында қарсы алған, қазір Бельгияда тұрады. Сол соғыста Бельгияда қалғандардың көбі өмірден өтіп кетті. Ол азап лагерлерінде, майданда, соғыстан кейін көптеген достары мен туыстарынан айырылды. Олардың ішінде қазақтар, орыстар, украиндар және басқа да бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары бар еді. Ардагер ұрыстарға қалай қатысқаны, Белградты және басқа да көптеген еуропалық қалаларды қалай азат еткені туралы әңгімеледі. Соғыстан кейін Владимир Семич Әскери академияда оқыған, Югославияда қуғын-сүргінге ұшыраған, одан кейін Бельгияға қоныс аударған.