08:33, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Бельгиялық ағайынды егіздер өздерінің 103 жасқа толғандығын атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда жұма күні ағайынды егіздер өздерінің 103 жасқа толғандығын атап өтті. Питер мен Паулус Лангерок өз өмірлерінің басым бөліктерінде бірге тіршілік кешкен, деп хабарлайды ТАСС.
Питер де, Паулус те үйленбеген, кейде өздерінің балалары мен немерелері болмағанына өкінетіндіктері де бар. Ағайындылар сот қызметкерлері болған. Қазіргі таңда бельгиялық Гент қаласы маңындағы қарттар үйінде өмір сүріп жатыр. Олар өздерін нағыз достармыз деп есептейді.
Оларға АҚШ-тағы 105 жыл бірге тіршілік кешкен ағайынды егіздерГлен мен Дейл Мойердің әлемдік рекордын жаңартуға екі жыл қалды.