Бельгиялықтарға балалардың көз алдында темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін.
БРЮССЕЛЬ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат – Бельгияда ата-аналарға үйлерінде темекі шегуге тыйым салынбақ.
Бельгиялық сенатор Патрик Ванкрункелсвен осындай заңнамалық бастама көтеріп отыр. Сенатор сонымен бірге автокөліктерде балалардың көзінше темекі шегуге де тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл бастаманы Қатерлі ісікке қарсы фламанд лигасы қолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Адамның жеке өмірін қорғау мәселелері жөніндегі парламенттік комиссияның мүшелері ғана әріптестерін қолдамай отыр. Олардың пікірінше, үйде темекі шегуге тыйым салу - адамның құқықтық кеңістігіне баса көктеп кіру болып саналады.