15:48, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Бельгияның Антверпен портында жиырма шақты адам химикаттармен уланып қалды
БРЮССЕЛЬ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бельгияның Антверпен портында жиырма шақты адам белгісіз органикалық химикаттармен уланып қалды.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, дүйсенбіге қараған түні көлік кемесінің бортына химикаттардың иісі жайылған. Кеме кімдікі екені қазіргі уақытта белгісіз.
Барлық зардап шеккендер сол кеме экипажының мүшелері болып табылады. Олардың екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.