Бельгияның ең қауіпті қылмыскері түрмеден тікұшақпен қашып кетті

АСТАНА.  Шілденің  24-і.  ҚазАқпарат -  Бельгия үкіметінің  мәлімдемесі  бойынша,   Брюгге қаласындағы түрмеден  үш  адам тікұшақпен   қашып  кеткен.     Қылмыскерлердің сыбайласы  шағын  тікұшақты   басып алып, 

Бельгияның ең қауіпті  қылмыскері түрмеден  тікұшақпен қашып кетті

ұшқышқа     түрмеге   ұшуға,   машинаны түрме ауласына  қондырып,   бортқа  үш     қашқынды алуға бұйрық   берген. «Жолуашыларды» мінгізіп алғаннан кейін  тікұшақ  Брюггеден 20   шақырымдай  жерге   алыстап барып,    жолдың  бойына  қонған.  Сол жерде  қылмыскерлер  Mercedes көлігін ұрлап мініп,    іздерін жасырған.    Көліктегілер  әзірге табылған жоқ,  деп   хабарлайды Associated Press.

Қашқандардың арасында -  банк тонағаны  үшін  және 2003 жылы түрмеден  қашқаны үшін     жазасын өтеп жатқан  26 жастағы  Ашраф Секакки  бар.  Оны Бельгиядағы  ең қауіпті  қылмыскер деп  атайды.

Тұтқынның   бельгиялық  түрмеден тікұшақпен қашу  оқиғасы  бұл бір емес.   2007 жылы     да  осындай оқиға  орын  алып,        бірақ қылмыскер   қашқан  күннің ертесіне    қайта  тұтылған болатын. Нордин Беналлаль деген қылмыскерді  полицейлер   Голландияда ұстап  еді.