Бельгияның Моль қаласында Қазақстаннан бала асырап алған отбасылар кездесті

ССЕЛЬ. Қыркүйектің  28-і. ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -   Өткен  жексенбі күні  Бельгияның Моль қаласында  Қазақстаннан бала асырап алған жергілікті  отбасылар  кездесті.

Бельгияның Моль қаласында Қазақстаннан  бала асырап алған отбасылар  кездесті

Дәстүрге айналған бұл   шараны  Бельгияда   «Алғыс»   қайырымдылық     қоры    ұйымдастырып  отырады.     Басқосуға  250 бала ата-аналарымен,      қазақстандық елшіліктің   дипломаттары,    сондай-ақ    бала асырап  алуға  қазақстандық  димломатиялық ведомствоның  консулдық қызметіне     өз құжаттарын тапсырған     бельгиялық үміткер ата-аналар     шақырылды.   Шараны  ұйымдастырушылар   ойын  алаңдарын орнатты,  мерекелік дастархан жайды, балаларға сыйлықтар   жасады.

 Анықтама:   Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің бастамашылығымен 2006 жылдың  маусым  айында   алғаш рет  осындай   кездесу  ұйымдастырылған   болатын.   Бүгінде Бельгияда   Қазақстаннан  асырап алынған 250 бала  тіршілік кешіп  жатыр.