Бельгияның порт қаласында екіжақты көлік-транзиттік ынтымақтастық мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия өңірі Фландрияның әкімшілік орталығы Брюгге қаласына барды, сапар барысында елші қала мэрімен, Зебрюгге халықаралық теңіз портының және «Pattyn Group» компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Брюгге бургомистрі Дирк Де Фомен кездесу барысында тараптар екіжақты және өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Бельгиялық қала басшысы Орталық Азияның кейбір елдерінде болғынын айтты, осы орайда Қазақстанның өңірлерін аралауға қызығушылық танытты. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Д.Де Фоның Қазақстанға сапары барысында қазақстандық әріптестермен кездесулер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сапар барысында Бельгиядағы екінші ірі порт және Еуропадағы ең ірі логистикалық хабтардың бірі болып табылатын Бельгияның Зебрюгге портының басшылығымен бөлек кездесу өтті. Порт жыл сайын 50 млн. тоннадан астам өнім өндейді, оның 20 пайызы автомобиль индустриясына келеді.
Жүздесу барысында халықаралық көлік-транзиттік дәліздер төңірегіндегі қазіргі тұрақсыз ахуал аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқылады. Қазақстан Елшісі Қазақстанның порт қызметкерлері үшін тренингтер ұйымдастыруды және Ақтау пен Құрық порттарымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Порттың Бас директоры Том Хаутекиет Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесіне ерекше қызығушық танытты. Көлік-транзит мәселелері бойынша тұрақты ақпарат алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Экономикалық дипломатияны ілгерілету аясында «Pattyn Group» бельгиялық компаниясының Бас директоры Стэн Паттинмен, компанияның сату жөніндегі директоры Карель Ванденслагермен және «Антагро» ЖШҚ бас директоры Лоран Антоонспен кездесу өтті. «Pattyn Group» қызметінің негізгі бағыты өнеркәсіптік пайдалануға арналған өнімдерді буып-түюге, өлшеуге, толтыруға немесе санауға арналған автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу болып табылады. Бүгінгі күні компания өз өнімдерін Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларына жеткізіп жатыр. Ал 2021 жылғы қарашада «Pattyn Group» өкілдері Бельгияның AWEX экономикалық миссиясының құрамында Нұр-сұлтан мен Алматыда сапармен болды.
М.Баймұхан сұхбаттастарды Қазақстандағы қаптама саласындағы ахуалмен, шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық және экспорттық преференциялармен таныстырды. Бельгиялық компанияның ҚР нарығында болу мүмкіндігін талқылай отырып, ол Қазақстанның айналасындағы өңірлік нарықтарға шығу перспективалары туралы айтты. Тараптар жұмыс байланыстарды жалғастыруға және «Pattyn Group» компаниясының Қазақстандық өндірістік кәсіпорындармен тікелей байланыс орнатуына қолғабыс көрсетуге уағдаласты.
Зебрюгге халықаралық теңіз порты 200-ден астам халықаралық маршруттарға және 30-дан астам көлік компанияларына қызмет көрсетеді. Зебрюгге портында Еуропадағы ең ірі Сұйытылған табиғи газ терминалы орналасқан, онда СТГ тиеу, түсіру және аралық сақтау жүзеге асырылады. Портта балық порты (Бельгиядағы ең үлкен), теңіз айлағы және Әскери-теңіз базасы бар.
« Pattyn Group « жаппай өнеркәсіптік қаптаманы өндіретін отбасылық кәсіпорын болып табылады. Компания 1952 жылы « Pattyn Packing Lines « ретінде құрылды. Бүгінде « Pattyn Group « 8 бөлімшеден тұрады. Компания нан мен кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған үш өлшемді кескіні бар жеке инновациялық және патенттелген санау жүйесіне ие. 2020 жылы компанияның айналымы 80 млн. еуроны құрады.